Оқыс жайт түнгі сағат 02:30 шамасында Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Аққора ауылы маңындағы далада болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алдын ала мәлімет бойынша, екі ер адам аң аулауға шықпас бұрын алкоголь ішкен. 36 жастағы ер адам 39 жастағы серігін абайсызда атып жіберген.
Қазіргі таңда қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу