Атырауда Антикордың ұсынысымен 46 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

493

Оның 3-і жұмыстан шығарылған.

Атырауда Антикордың ұсынысымен 46 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахинның айтуынша, жыл басынан бері тәртіптік жауапқа 46 адам тартылған.

"Біздің департамент қылмыстық істерді тергеп-тексеру нәтижелерімен тиісті ұсыныстар енгізеді. Биылғы 9 айда 42 ұсыныс енгізілді. Оның көпшілігі әкімдіктерге, құрылымдық бөлімшелеріне (19), ішкі істер органдарына (17) және басқа да мемлекеттік құрылымдарға (6) жіберілді. Басшылардан қарамағындағылардың заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілік сұралатынын ескеру қажет. Мәселен, Атырау қалалық полиция басқармасының басшылары қарамағындағылардың қызметіне бақылау жүргізбегеніне байланысты тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы атқаратын лауазымына толық сәйкес еместігі туралы ескертілді. Ал, ювеналды полиция бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы аға инспектор лауазымын учаскелік инспекторға дейін төмендетті", - дейді Нұрлан Жахин.

 

Оның айтуынша, Атырау қалалық полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы пара бопсалау дерегімен 3 млн теңге айыппұл жазасына сотталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу