Атырауда жұма күні "Батыс-Антитеррор-2017" жоспарлы оқу-жаттығуы өткізіліп жатыр, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Оқу-жаттығудың мақсаты – мемлекеттік органдардың лаңкестік актілердің алдын алуға, олардың салдарын азайтуға және жоюға дайындығын тексеру, осыған байланысты жекелеген аудандарда шектеу шаралары енгізіледі, деді баспасөз қызметі.
"Қала тұрғындары мен қонақтарын өткізіліп жатқан жаттығуларға түсіністікпен қарап, сабырлық сақтауға шақырамыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", – деді әңгімелесуші агенттікке.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу