Атырауда апельсинге қақалған зейнеткер өліп кете жаздады

348

Оқиға қарттар үйінде болған. 

Атырауда апельсинге қақалған зейнеткер өліп кете жаздады Фото: ТСН

Атырауда 73 жастағы зейнеткер апельсинге қақалып, тұншыға бастаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты AtyrauPress сайтына сілтеме жасап. 

"Біздің бригада оқи орнына келгенде әйел тіпті сөйлей де алмады. Геймлих әдісімен алғашқы медициналық көмек көрсетілген кезде ол есін жоғалтты. Сөйтіп, клиникалық өлім болды", - дейді облыстық жедел жәрдем стансасы директорының орынбасары Наргиз Абдрахманова.

Абырой болғанда, құрамында фельдшерлер Мейрамгүл Құрмашева мен Аяулым Латиева бар №26 бригаданың ұйымдасқан әрекеті нәтижесінде қайғылы жағдайдың орын алуына жол берілмеді. Реанимациялық шаралардан соң әйел есін жиып, облыстық ауруханаға жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу