Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды

141

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды Фото: Pixabay.com

Атырау облысы Жылыой аудандық соты "№2 ересектерге арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы" КММ директоры Жалекенова мен бухгалтер Шмидоваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Антикордың хабарлауынша, олар мекемеде нақты еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны заңсыз аудару арқылы 73 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

"Сот үкімімен Шмидова 7 жылға бас бостандығынан айырылды, Жалекенова залалдың толық өтелуін және жас баланың болуын ескере отырып - 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталды. Сонымен қатар олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды", – деп хабарлады Антикор.

Алдын алу шаралары аясында сот процесі ашық режимде өткізілді. Процеске онлайн режимінде білім беру мекемелерінің басшылары мен бухгалтерлері қосылды.

"Сонымен қатар, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу