Атырауда әнұранды құрметтемеген әскери қызметшіге айыппұл салынды

1844

Әнұранға құрметпен қарамаған азамат ҚР ҚК 458-бабының 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылды.

Атырауда әнұранды құрметтемеген әскери қызметшіге айыппұл салынды Фото: atpess.kz

Енді әскери қызметшіге 50 айлық есеп айырысу, яғни 172 500 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Atyraupress басылымына сілтеме жасап.

16 қыркүйекте Атырау облысының Мақат ауданында "Зарница" әскери-спорттық ойыны басталғанға дейін мемлекеттік әнұран шырқалды. Осы уақытта әскери қызметші екі саусағымен оң қолын жүрегіне қысып, әнұранды орындау кезінде құрметсіздік танытты. Осыған байланысты мемлекеттік рәміздерді насихаттау ұлттық орталығы облыстық ішкі саясат басқармасына және аудан әкіміне ұсыныс жолдады. 

Осылайша, әнұранға құрметпен қарамаған азамат ҚР ҚК 458-бабының 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

"Е-Өтіш" жүйесінде тіркелген шағым полиция бөлімінде қаралды. Кінәлі азаматқа заңға сәйкес әкімшілік айыппұл салынды", - деп нақтылады жергілікті полиция басқармасының бастығылан Бигамбаев.  

Енді әскери қызметшіге 50 айлық есеп айырысу, яғни 172 500 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу