Елордалық әртістердің еліміздің бас қаласының 20 жылдығының құрметіне Қазақстанның қалалары бойынша үлкен гастрольдік туры жалғасуда. 22-24 мамырда Атырауда Астана күндері өтуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Музыка өнерін бағалаушылар үшін нағыз тосын сый жасалды – "Астанадан ақ тілек" концерті Облыстық халық шығармашылығы орталығында ұйымдастырылды. Сахнада Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымдары өнер көрсетті. Атап айтқанда, "Сарыарқа" халық музыкасы, эстрадалық би, "Шалқыма" би ансамбльдері, сондай-ақ классикалық және эстрадалық вокал солистері өнер көрсетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу