Атырауда Астана күні қарсаңында оқушылар мен жастар сарайы пайдалануға берілді

1133

Алайда, елдегі ахуалға байланысты оның жұмысы қыркүйек айында басталады.

Атырауда Астана күні қарсаңында оқушылар мен жастар сарайы пайдалануға берілді

Мұнайлы өңірде жаңадан ашылған Оқушылар және жастар сарайы "Шеврон" компаниясының демеушілігімен салынып отыр. Онда екі жүзден аса мұғалім жұмыс істемек. Аумағының өзі 19 мың шаршы метрдей құрайтын еңселі ғимараттың құрылысы 2018 жылы басталған еді. Ол төрт  қабаттан тұрады. Мұнда шығармашылық қызметтің барлық түрлерімен және спортпен айналысуға, сондай-ақ, әр түрлі үйірмелерге қатысуға барлық жағдай қарастырылған.

Сондай-ақ,  сарайда  ғылым мен техника, өнер, мәдениет  және спорт салалары бойынша жеті бағытта 63 үйірме жұмыс жасайды. Нақтырақ айтсақ, спорт саласында - футбол,  суда жүзу, жеңіл атлетика,  күрес түрлерінен үйірмелер болса, өнер саласында - хореография, ән айту, сурет салу, керамика үйірмелері бар. 

"Пайдалануға беріліп отырған ғимаратта үйірмелерден өзге  ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүріміз туралы мағлұмат алуға,  планетарийден аспан әлемімен танысуға және тағыда басқа қарым-қабілеттерін дамытуға бар мүмкіндік жасалған. Жалпы алғанда тәулігіне  екі ауысымда бір жарым мың бала өнермен, спортпен, шығармашылықпен шұғылдана алады", – дейді қалалық білім бөлімің басшысы Фируза Шангереева.

Оқушылар мен жастар сарайы ресми түрлде ашылғанмен қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты өз жұмысын 1 қыркүйектен бастамақ.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу