Атырауда асық атудан Қазақстан кубогі өтіп жатыр

670

Ерекше кубокке 170-ке жуық спортшы қатысуда. Яғни ерлер классикалық асық тау бойынша, ал қыздар бесасықтан өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Атырауда асық атудан Қазақстан кубогі өтіп жатыр Фото: azh.kz

Спортқа жауапты министрлік, Атырау облысы әкімдігі және Асық ату республикалық федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан бәсекеге еліміздің 10 өңірінен асық ату шеберлері жиналды.

Жеңімпаздар бүгін анықталады. Әзірге Астана қаласы мен Түркістан облысының командалары алда келеді.

Сәйкесінше, бас жүлде үшін күрес те осы командалар арасында өтеді. Ал Павлодар мен Алматы облыстарының спортшылары үшінші орынды сарапқа салады.

"Біздің ата-бабаларымыздан қалған, мирас болған мұраны ұлықтап, өз үлесімізді қосып кейінгі ұрпаққа аманат етуге атсалысып жүрміз. Мына саусақтардың маторикасын жетілдіру деген ол мына мидің жақсы жұмыс істеуіне әсер етеді. Ол дәрігерлермен дәлелденген зат өзі", – дейді асық ату республикалық федерациясының атқарушы директоры Жомарт Сабыржанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу