Атырауда ата-анасы хиджабын шешуге рұқсат бермеген 39 қыз мектепке бармай жүр

1264

Атырауда ата-анасы хиджабын шешуге рұқсат бермеген 39 қыз мектепке бармай жүр

Атырауда ата-анасы хиджаб шешуіне қарсы болған отыз тоғыз қыз мектепке бармай жүр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметіне сүйенсек, Атырауда ата-анасы әртүрлі діни ағымды ұстанатын 307 оқушы бар. Олардың арасында 156 қыз хиджаб киеді екен.
Атырау қаласының білім беру бөлімі басшысы Светлана Аманшиева хабарлағандай, білім беру саласындағы бақылау департаментіне арыз жазылғаннан бері, бес оқушы қыздың ата-анасына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, қабылданған шаралардан кейін қыздар мектепке орамалсыз барып жүр.
Тағы 39 қыздың ата-анасы балаларының орамал тақпауына қарсы шығып, сабаққа жібермей отыр.
Айта кетелік, оқушылар мектеп жарғысын орындамайтын болса, ата-анасына заң бойынша 10 АЕК айыппұл салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу