Ауа сапасын бақылау шарасына "Қазгидромет" РМК Атырау филиалы мен "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС сынақ зертханалары қатысып, зауыттың санитарлық қорғау аймағы мен Солтүстік өндірістік аймақтан ауа сынамаларын алды, деп жазады inbusiness.kz сайты "Ақжайық" газетіне сілтеме жасап.
"Зерттеу барысында атмосферадағы ластаушы заттар анықталуда", – деп хабарлады Экология департаментінің баспасөз қызметі.
Мониторинг жұмыстарына облыстық және қалалық мәслихат депутаттары да қатысқан.
Департамент өкілдерінің мәліметінше, қазіргі таңда сараптамалар жүргізіліп, алынған деректер талдануда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу