Мұнайлы өлкеде атом өнеркәсібі үшін ауыр техника өнімдері шығарылуы мүмкін. Оған "Атыраумұнаймаш" ЖШС-нің техникалық мүмкіндігі толық жеткілікті. Бұл туралы "Атыраумұнаймаш" ЖШС директоры Александр Донсков айтты, деп хабарлайды atr.kz.
Соңғы уақытта зауыт мұнай-газ өнеркәсібіне арналған стандартты емес ауыр габаритті жабдықтар шығарып, ТМД елдеріне тасымалдауда. Мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алып, жаңа жабдықтар сатып алған.
"Қосымша екі жаңа цехтың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жабдықтау монтажы мен цех салынғаннан кейін, зауыт тау-кен, энергетика және атом өнеркәсібі үшін ауыр техника өнімдерін шығара алады. Әрине, елімізде атом өнеркәсібі қарқынды дамымағандықтан, сериялық тапсырыстар жоқ. Оның үстіне, мұндай өнімдердің жарамдылық мерзімі 50-70 жылға дейін жетеді", - дейді "Атыраумұнаймаш" ЖШС директоры Александр Донсков.