Атырауда атыс болып, 2 адам қаза тапты

1572

Күдікті қамауға алынды.

Атырауда атыс болып, 2 адам қаза тапты

Атырауда атыс салдарынан 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, атыс 15 наурыз кешкі сағат 22:10-да болған.

"2 адамға оқ тиіп, олар көз жұмған (1995, 1999 жылдары туған), жарақат алған тағы бір адам ауруханаға жеткізілген (1995 жылы туған). Жедел-тергеу тобы оқиға орнынан алыс емес жерден 1999 жылы туған адамның мәйітін тапқан", – деп жазылған департамент хабарламасында.

Полиция оқ атқан күдіктіні ұстады.

"Ол – 1993 жылы туған Маңғыстау облысының тумасы. Ол уақытша ұстау абақтысына қамалды. Күдіктінің айтуынша, атыс араздықтан болған", – дейді полициядан. 

Қазіргі уақытта екі немесе одан да көп адамды өлтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қалған ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу