Атырауда атыс болып, бір адам қаза тапты

659

Тағы екі адам ауруханаға жеткізілген.

Атырауда атыс болып, бір адам қаза тапты Фото: aikyn.kz

Атырауда бүгін жас жігіттердің арасында атыс болып, 21 жастағы жергілікті тұрғын қаза тапты деп хабарлайды inbusiness.kz.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 4:14 шамасында Атырау қалалық полиция бөлімінің 102 операторына облыстық ауруханадан кеудесіне оқ тиген 21 жастағы ер адамның мәйіті жеткізілгені туралы хабарланған.

Сондай-ақ оқтың бытырасы тиген 18 және 17 жастағы екі адам облыстық ауруханаға жеткізілген.

Тергеп-тексеру нәтижесінде "Атырау-2" мөлтек ауданында бір топ жігіт арасында өзара келіспеушілік болғаны анықталды. Қақтығысқа қатыстқан барлық азаматтар анықталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу