Атырауда аудан әкімінің әйелі күйеуінен зәбір көргенін айтты

221

Жәбірленуші әйелдің видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Атырауда аудан әкімінің әйелі күйеуінен зәбір көргенін айтты Фото: instagram.com/umbetkaliyeva_notarius

Атырау облысында аудан әкімінің әйелі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, күйеуі оған бірнеше рет қол көтерген. Зәбір көрген әйелдің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

"Бірге тұрған 11 жылдың ішінде балаларымыздың көзінше ұрды. Мәселен, 2021 жылы таңғы сағат 04:00-те мас күйде мені балалардың көзінше ұрып, бетіме жарақат салды. Осыдан кейін амалсыз жедел жәрдем мен полиция шақыруға мәжбүр болдым. Балаларымыз үшін шағымымды қайтып алуымды сұрады. Бұл жағдай 2023 жылғы 31 мамырда тағы қайталанды. Тағы да балалардың көзінше мені теуіп, ұрып-соқты. Мені мүгедек қыламын деп қорқытты. Омыртқам сынып, бір ай жүре алмай қалдым. Осы уақытта өзінің таныстарын пайдаланып, балаларымды тартып алды", - деді зәбір көрген әйел.

Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аудан әкіміне қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 2-бөлігімен тергелген. Қылмыстық іс ақпан айында сотқа жіберілген.

Ал Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі әзірге пікір білдірген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу