Атырауда автобус пен "Камаз"-ассенизатор соқтығысты

1058

Адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетілген.  

Атырауда автобус пен "Камаз"-ассенизатор соқтығысты

Атырау облысында 23 сәуір күні Теңіз-Сарықамыс (Жылыой ауданы) трассасында мердігер компанияның жұмысшылары мінген "ПАЗ" автобусы автоцистернамен соқтығысып қалған. Оны сол маңайдан өткен жүргізушілер бейнеккамераға түсіріп алып, таратып жіберген,  деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, автобус "СК НШТ" ЖШС мердігер мекемесіне қарайды. Қазіргі күні "Ембімұнайгаз" АҚ оқиға жөнінде хабарлама жасады.

"СК НШТ" ЖШС-не қарасты қызметтік автобусының бір бағытта келе жатып, асып өтіп кетпекші болған "Камаз"-ассенизатор маркалы бөтен көлікпен қақтығысуы салдарынан жол-көлік оқиғасының 22.04.2021 күні жергілікті 19.39 сағат уақытында тас жолдың 157 шақырымында болғандығы анықталды. Жол-оқиғасы кезінде автобуста Прорва кен алаңынан Құлсары қаласына бағыт алған мердігер мекеменің 11 қызметкері болған. Жол-оқиғасының салдарынан  шұңқырға түсіп кеткен автобустың кузовы қатты зақымданған. Автобуста болған жолаушылар мен көлік жүргізушісі жедел жәрдем көлігімен "Теңізшевройл" ЖШС-нің медициналық клиникасына жеткізілді. Жол-оқиғасы болған жерге Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері келіп, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - дейді компанияның қоғаммен байланыс қызметі.

Ал полиция департаментінен белгілі болғаны, оқиға орнында зардап шеккен 8 адамға алғашқы медициналық жәрдем көрсетілген. Қазір ауруханада тек автобус жүргізушісі жатыр екен. Ал жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345, яғни абайсыздық салдарынан адам денсаулығына орта дәрежедегі зақым келтіру, жол-көлік оқиғасын бұзу бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу