banner

Атырауда автобус пен пикаб соқтығысты

806

Бір жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

Атырауда автобус пен пикаб соқтығысты

Атырау облысында Теңіз кеніші аумағында автобус пен пикаб соқтығысып қалды. Жүргізушілердің бірі ауруханада жатыр, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Оқиғаның бейнетүсірілімдері әлеуметтік желіде тарап кетті.

"13 маусым күні Теңіз кеніші аумағында ПАЗ-4234 автобусы мен "Toyota Hilux" автокөлігі соқтығысып, оқиға салдарынан "Toyota Hilux" көлігінің жолаушысы 1974 жылы туылған азамат дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, жүргізушісі зардап шеккен көліктің моторы істен шығып, жарамсыз болып қалғаны белгілі болып отыр. 

Айта кетейік, бұған дейін де аталған мұнай компаниясының жұмысшылары мінген "ПАЗ" автобусының трассада автоцистернамен соқтығысып қалғаны жөнінде жазған болатынбыз.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу