Атырауда автобустардың онлайн төлем жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады

1417

Сондай-ақ қыркүйек айының соңында қалаға 20 жаңа автобус әкелінеді. Жыл соңына дейін тағы 100 автобус жеткізілмек. Жаңа қоғамдық көліктерде төлем құрылғысы орнатылған.

Атырауда автобустардың онлайн төлем жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады

Атырауда автобустардың онлайн төлем жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады. Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім Қалауи баспасөз жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Наурыз айынан бастап қалада автобустардағы төлем қызметін автоматтандыру бойынша жұмыстар басталған еді. Қазіргі таңда жұмыстар жоспарға сай жүргізілуде. 15 қыркүйектен бастап №14, №5 автобустарда онлайн төлем жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады.

"Бүгінде "Смарт ЖКХ" мекемесі 6 тасымалдаушы мекемемен келісім шартқа отырды. 200 төлем құрылғысын 1 қазаннан бастап барлық автобустарға орнатуды жоспарлап отырмыз", - дейді Мейірім Қалауи.

Пилоттық жоба кезінде жолаушылар төлемдерді құрылғы арқылы қолма-қол төлейді. Жүйе тұрақты іске қосылғаннан кейін, арнайы төлем карточкаларын енгізу жоспарланған. Жол қатынасы кезінде жеңілдік алатын студенттер, зейнеткерлер және т.б. тұрғындарға да арнайы карточкалар дайындалатын болады. Құны - 300 теңге және бір реттік жүру бонусы бар. Бұл ретте "Смарт ЖКХ" мекемесінің өкілі Ерлан Нұрланұлы төлем түрлеріне нақтырақ тоқталып өтті.

"Электронды төлем Астана, Алматы қалаларында оффлайн түрде іске қосылған. Біздің жүйенің өзге қалалардан артықшылығы – онлайн төлем. Бұл арқылы кез-келген жолаушы туралы ақпарат енгізіледі, автобустар бір-бірімен байланыста болады, күнделікті жұмыстары қорытындыланып отырады. 9 түрлі төлем болады: қолма-қол, карточкалар, Bluetooth, NFC қосымшасы бар смартфондар, смс xабарлама арқылы", - дейді ол.

Жаңа құрылғымен қоса, қыркүйек айының соңында қалаға 20 жаңа автобус келеді. Жыл соңына дейін тағы 100 автобус әкелінеді. Жаңа қоғамдық көліктерде төлем құрылғысы орнатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу