Атырауда өртенген көліктен ана мен бала құтқарылды

146

Атырау қаласы Танашов көшесі бойында орналасқан тұрғын үйлердің бірінің ауласында жеңіл автокөлік жанып кетті.  

Атырауда өртенген көліктен ана мен бала құтқарылды Фото: Атырау қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Өрт сөндіру қызметі шақырту орнына дереу жетіп, "Lada Granta" автокөлігінің жануын және қасында орналасқан уақытша тұрғын үйге қауіп барын анықтаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Құтқарушылардың жедел іс-қимылының нәтижесінде уақытша тұрғын үйден 29 жастағы анасы мен 2025 жылы дүниеге келген сәбиін эвакуациялап, "Апаттар медицинасы орталығының" дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті", – делінген ТЖД таратқан хабарламада. 

Тұрғын үйге жақын тұрақтаған автокөліктің өртенуі салдарынан үйдің есік, терезелерінің балқып кетті. Өрт сағат 15:42-де толықтай жойылды. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 9 құтқарушы, 2 бірлік техника, "АМО" ММ 3 қызметкер, 1 бірлік техника жұмылдырылды.

ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына тұрмыстағы, тұрғын үйдегі, автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу