Атырауда азық-түлік бағасы арзандады

1169

Атырауда азық-түлік бағасы арзандады

Атырауда азық-түлік бағасы арзандады. Бұл туралы Ұлттық банктің Атырау облыстық филиалының директоры Айнұр Көшербаева мәлімдеді, деп хабарлайды atpress.kz.

"Қазан айымен салыстырғанда инфляция төмендеді. Бұл жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған алты жәрмеңкенің өтуімен байланысты болды. Бағаның түзетілуі қызылша, пияз, сəбіз сынды азық-түліктерге қатысты болды", - деді ол.

Филиал директоры өңірде дедолларизациияның оң бағытта жүріп жатқанын да айтты. 

"Былтырғы кезеңмен салыстырсақ, 1 қарашада ұлттық валютадағы салымдардың үлесі 28 пайыздан 45 пайызға дейін артты. Шетелдік валютадағы салымдар 71 пайыздан 54 пайызға дейін кеміді", - деп атап өтті филиал директоры. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу