Атырауда азық-түлік дүкендерінің кассасын тонаған күдікті ұсталды

276

30 жастағы ер адам бірнеше кәсіпкерге залал келтірген.  

Атырауда азық-түлік дүкендерінің кассасын тонаған күдікті ұсталды Фото: polisia.kz

Соңғы ұрлығында ол дүкен кассасынан 2,5 миллион теңгені қолды еткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Polisia.kz мәліметінше, күдікті криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталған.

Тергеу барысында оның қаладағы бірнеше азық-түлік дүкенінің кассасынан әртүрлі көлемдегі ақшаны жасырын жымқырғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Іс бойынша өзге мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу