Атырауда балабақша қызметкері ерекше баланың басынан ұрған

691

Қазір бұл дерекке қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырауда балабақша қызметкері ерекше баланың басынан ұрған Фото: canva.com

Бейнежазбаны жергілікті белсенді Нұрлан Жунасов әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген.

Атырау қалалық білім бөлімінің мәліметінше, оқиға "Дара-инклю" жекеменшік балабақшасында болған.

"Қазір аталған оқиға бойынша құзырлы органдар тергеп-тексеру амалдарын жүргізуді қолға алды. Қалалық білім бөлімінің жанынан қызметтік тексеру болады. Анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға бөлім басшысының қатаң бақылауына алынды. Тексеру қорытындысымен заң шеңберінде тәртіптік шара қарастырылады", - деп хабарлады қалалық білім бөлімінен.

Атырау қалалық полиция басқармасының ақпаратына қарағанда, аталған дерекке қатысты тексеру-тергеу әрекеттері басталған.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу