Атырауда балабақша қызметкерінен коронавирус анықталды

794

Балабақша жабылды.  

Атырауда балабақша қызметкерінен коронавирус анықталды

Атырау қаласында балабақша қызметкері коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық білім беру бөлімінің мәліметіне сүйенсек, 8 маусымда балабақшада таңертеңгі сағат 08.00-де жұмысқа рұқсат алу үшін температуралық тексерістен өткен қызметкердің дене қызуы болмаған. Алайда, респираторлық инфекция белгілері анықталған соң, ол жұмыстан жедел босатылған. Сол күні тұрғылықты мекенжайы бойынша учаскелік дәрігер жедел респираторлық ауруды растап, қызметкерге еңбекке жарамсыздық парақшасын ашқан.

Ал, 11 маусымда балабақшаның қызметкерінен коронавирусқа алынған сынама оң нәтиже бергені анықталған.

"Қазір балабақшада тәрбиеленушілерді қабылдау тоқтатылып, ғимаратты залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, барлық қызметкерден COVID-19 инфекциясына сынама алу жоспарланып отыр. Ал, науқаспен жақын байланыста болған тәрбиеленушілерден ПТР-тест сынамасын алу тұрғылықты мекенжайлары бойынша емханаларда жүргізіледі", – деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Атырау қалалық әкімдігі мен NCOC қызметкерінен коронавирус табылғанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу