Атырауда балаға құлаған ескерткіш: Қала әкімі не дейді?

223

Қалалық полиция басқармасы мәліметінше, бұл жағдай 26 маусымда сағат 00:40 шамасында Атырау қаласындағы Жеңіс саябағында болған.

Атырауда балаға құлаған ескерткіш: Қала әкімі не дейді? Фото: t.me/guwonline

Атырау қаласында 7 жасар балаға ескерткіш құлап кеткен. Оқиға салдарынан бала ауруханада көз жұмған еді. Қала әкімі оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жергілікті atpress.kz басылымы қала әкімінің пікірін жариялады.

"Естелік аллеясында" батырлар мүсіні кәсіпкерлер мен демеушілер қаржысына орнатылған еді. Орал қаласында жасалған. Мемлекет ешқандай қаражат жұмсамады. Мен де тәжірибелі құрылысшы болғандықтан, мұндай салмақты мүсіннің қалай құлап кеткені өзіме де жұмбақ болып отыр. Ол желдің әсерінен құлады деп ойламаймын. Анық-қанығын тексеріп жатырмыз" – дейді Шәкір Кейкин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу