9 мамыр күні Атыраудағы балаларға арналған ойын орталығында жасөспірім қыз биіктен құлап, жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Atyrau_online Telegram арнасына сілтеме жасап.
Ойын кезінде қауіпсіздік арқаны үзіліп кетіп, бала құлап кетті. Қыздың ата-анасы жедел жәрдем шақырып, ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Айта кетейік, жыл басынан бері бұл ойын орталығында осымен екі бала зардап шекті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу