Атырауда балалар үйінен тағы шу шықты

548

Тәрбиеленушілерге унитаздағы суды мәжбүрлеп ішкізген  

Атырауда балалар үйінен тағы шу шықты Фото: Ашық дереккөзден

Атырауда "Шаңырақ" балалар ауылындағы дауға байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде балаларды дәретхана суын ішуге мәжбүрлегені туралы ақпарат тарады.

"Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері "Шаңырақ" балалар ауылына қатысты жарияланған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігімен (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды", -деп мәлім етті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Атырау облыстық білім басқармасы басшысының бұйрығымен отбасылық үлгідегі "Шаңырақ" балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаева атқаратын қызметінен тергеу жүргізу кезінде уақытша шеттетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу