Атырауда балабақша ауласында итті қорлаған ер адам ұсталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады. Оқиға Атырау қаласында болған.
Аталған деректі растаған полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 30 жастағы күдікті ұсталған.
Полиция департаменті оқиға Жұлдыз шағынауданында орналасқан балабақша ауласында болғанын мәлімдеді. 30 жастағы ер адам күшікті теуіп, жарға лақтырып, қараусыз жүрген күшікті қинаған.
Осы дерек бойынша күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабымен жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін қылмыстық іс қозғалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу