Қызметкерлер құтқару жилеттерін кигендіктен, олар өздігінен қауіпсіз жерге шығып үлгерген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы болған оқиғаны ресми түрде растады.
"Мемлекеттік инспекторлардың қызметтік квадроциклмен абайсызда өзен суына түсіп кету фактісі тіркелді. Қызметтік міндетін атқарып жүрген инспекторлар тиісті қауіпсіздік құрал-жабдықтарымен, құтқару жилетімен қамтамасыз етілгендіктен, дер кезінде қауіпсіз жерге шықты. Олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай зиян келтірілген жоқ", – деп хабардар етті инспекциядан.
Аталған оқиғаға байланысты тиісті қызметтер хабардар етілген. Ал қызметтік техниканы судан шығару, техникалық жай-күйін анықтау бойынша жұмыс қолға алынған.
"Оқиғаның мән-жайы анықталады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады", – деп мәлімдеді аталған инспекциядан.