Атырауда балық шаруашылығын дамытуға арналған 8 жоба іске қосылады

948

"Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты" деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. 

Атырауда балық шаруашылығын дамытуға арналған 8 жоба іске қосылады

"Қазіргі таңда ҚР ​ Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне 8 жоба ұсынылды. Олардың ​ қатарында тоған шаруашылығы бағытындағы 6 жоба, балық өсіру шаруашылығы және балық өсіру зауытын кеңейту жобасы бар", – деп нақтылады аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

​Атап өту керек, былтыр облыста 11 мың 600 тонна балық ауланды. Оның​ 11 мың тоннасы өңделіп, 98 пайызы шет елдерге экспортталды. Аталған салада 4​ 800 адам еңбек етуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу