Атырауда барлық мемлекеттік қызметті бір жерден алуға болады

731

Жаңа орталық  алты қабатты ғимаратта орналасқан. 

Атырауда барлық мемлекеттік қызметті бір жерден алуға болады

Атырау қаласында алты қабатты халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Ол "Нұрсая" ықшамауданында орналасқан. Жаңа ғимарат "бір терезе" қағидасымен жұмыс істейді және барлық құжатты бір жерден рәсімдеуге мүмкіндік береді. Мұнда азаматтар оператордың көмегінсіз электронды қызметтерді пайдалана алады, сондай-ақ  тұрғындардың ыңғайлылығы үшін кеңесшілер, құжаттандыру мен халықты тіркеу, дайын құжаттарды беру секторлары,  сондай-ақ балалар ойнайтын шағын бөлме орналасқан. 

"Жаңа орталық заманауи талапқа сай жабдықталған. Ғимараттың бірінші қабатында цифрлық орталық орналасқан. Мұнда 30 адам бір уақытта "өзіне-өзі қызмет көрсету" мүмкіндігін пайдалана алады. Ал екінші қабатта қызмет көрсету залы жұмыс істейді. Бұл жерде бір уақытта 30 қызмет алушыны қабылдауға мүмкіндік бар, залдың сыйымдылығы 100 орын. Үшінші қабатта әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері қызмет көрсетеді. Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті төртінші қабатта  орналасқан", - деп түсіндірді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Мұса Хайруллиев. 

Жаңа орталықпен танысқан облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов оның қызметкерлері мен келушілердің пікірін тыңдады. Ғимараттың бір ғана қолайсыздық тудыратын жері – қала шетіндегі жаңа ықшамауданда орналасқан және оған қатынайтын қоғамдық көліктер санаулы ғана. Аймақ басшысы бұл мәселені шешу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына қатынайтын автобус санын көбейтуді тапсырды. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу