"Денсаулық сақтау басқармасы бұл фактіні растады. Бұл ұстау оның облыстық денсаулық сақтау саласындағы қазіргі жұмысына байланысты емес екенін атап өтті", – делінген хабарламада.
Басқарма басшысының орынбасары лауазымына 30 жастағы Нұрқуат Нудин былтыр сәуірде тағайындалды, басқармада қаржы мәселелеріне жетекшілік етті.
"Экономикалық тергеу департаменті әзірге ешқандай ақпарат бере алмайтындықтарын айтты. Бірақ 2019 жылдың сәуірінен 2021 жылдың наурызына дейін ол облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істегені белгілі. Ол қылмыстық кодекстің 189-бабы ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету") бабымен күдікке ілінді", – делінген хабарламада.