Атыраудағы спорт кешенінің бірінде 13 жастағы жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ақ Жайық" газетінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 8 қаңтар күні Атыраудағы спорт кешенінің бірінде болған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 13 жастағы ұл баланың жедел жәрдем қызметі келгенше көз жұмғанын хабарлады. Спорт кешенінің медбикесі жасөспірімге жүрек-өкпе реанимациясын жасаған. Алайда жедел жәрдем бригадасы келгенде бала өмірден өткен болатын.
Ресурстың жазуынша, жасөспірімде жүрек жеткіліксіздігі болғанымен, ресми есепте тұрмаған.
Айта кету керек, бұған дейін Атырауда 59 жастағы азамат жоғалып кеткенін жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу