Атырауда баспанасыз қалған тұрғындар шу шығарды

451

50 шақты тұрғын "Saraighyq Development" компаниясына салым салған.

Атырауда баспанасыз қалған тұрғындар шу шығарды Фото: inbusiness.kz

Тергеу сағызша созылды. Атырауда миллиондарын тұрғын-үй кооперативтеріне салған салымшылар шу шығарды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

4 жыл бойы пәтерден-пәтерге сабылып жүрген олар, құзырлы органдар "істі жеделдетсе" дейді. Құрылысқа рұқсат алмай, жұмысын қыздырғандарды бақыламаған әкімдік өкілдеріне де өкпелері қара қазандай.

Жиналған 50 шақты тұрғынның бәрі "Saraighyq Development" компаниясына салым салған. Кемі 15 млн теңгесін қалтасынан жырып беріпті. 4 жыл өтсе де иеліктерінде үй, қолдарында ақша жоқ. Ашынғандар құзырлы органдар істі жылдамдатсын деген талап қойып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу