Атырау облысында тағы да заңсыз балық аулаушылар анықталып, жолы кесілді. Олар жарты тонна бекіре тұқымдас балықты тиеп алғаннан кейін жағаның құмына батып қалған, – деп жазды inbusiness.kz тілшісі.
Исатай аудандық полиция бөлімі мен ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша шекара заставасының қызметкерлері бірлесіп, Исатай ауданы Жанбай ауылының тұсындағы Теңіз жағалауынан таңғы сағат 05:00 шамасында "Lexus LX470" маркалы көлігінен 120 дана салмағы 468 кг болған бекіре тұқымдас балығын тәркіледі. Жарты тоннаға жуық бағалы балықты тиеген жол талғамайтын көлік теңіз жағасында жолға шыға алмай құмды жағада батып қалған.
"Қазіргі таңда аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 339-бабының 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде" деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Құралай Қуатова