Атырауда бекіре тұқымдас балықтар қырылды

4149

Бекіре тұқымдас балықтың қырылуы Луговой ат зауыты мен Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытында тіркелген.  

Атырауда бекіре тұқымдас балықтар қырылды

Мамандардың айтуынша, бұл жағдайға Жайық өзеніндегі балықтардың қырылуымен байланысты. Атырау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы басшысының орынбасары Арман Молдашев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Бекіре тұқымдас балықтың қырылуы Луговой ат зауыты мен Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытында тіркелген.  

Луговой ат зауытында 100-ге жуық бекіре тұқымдас балық өлген, 1974 балыққа қауіп бар. Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытында 25 бағалы балықтың өлгені анықталды, тағы 30 дана балық өлуі мүмкін. Бұл жағдай Жайық өзеніндегі балықтардың қырылуымен байланысты, себебі балық өсіру шаруашылығына өзен суы пайдаланылған. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, экологтар мен қоғамдық денсаулық қорғау басқармасының мамандары Жайық өзеніне су төгетін мекемелердің бәрін тексереді", –  дейді Арман Молдашев. 
 
Айта кетейік, қазір ведомствоаралық комиссия Жайық өзеніндегі балық өлімінің себебін анықтау үстінде. Балық қырылу дерегі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Ал суға жүргізілген зертханалық зерттеулер Жайық суының тұрғындар үшін қауіпсіз екенін көрсетіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу