Атырауда белгісіз біреулер теракт жасайтыны туралы хабар таратқан

404

Хабарлама әлеуметтік желіде таралып жатыр.

Атырауда белгісіз біреулер теракт жасайтыны туралы хабар таратқан Фото: freepik

Әлеуметтік желілерде Атырау қаласындағы мектептерде белгісіз біреулер қылмыс жасамақ ниетте дайындалып жатыр деген ақпарат таралуда, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде қаладағы бірқатар мектептерге шабуыл жасаймыз деп қорқытқан жалған жазбалар тарап жатыр. Бұл ақпарат Атырау облыстық полиция департаментіне жолданды. Баспасөз қызметі фейк хабарламаға қатысты түсініктеме берді. 

"Қазір құзырлы органдармен бірлесіп, аталған ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде. Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті бейнебақылау арқылы қамтамасыз етуге және полицейлер қатарын  арттыруға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарына кіргізуді бақылау да назарға алынады. Азаматтардан арандатушылыққа бой алдырмауды және сабырлық сақтауды сұраймыз! Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында", - делінген баспасөз хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу