Атырауда белсенділер психотропты дәрі саудасын тоқтатуды талап етті

415

Есірткі тектес дәрі саудалағандар бостандықта жүр.

Атырауда белсенділер психотропты дәрі саудасын тоқтатуды талап етті Фото: Ашық дереккөзден

Осылай деген атыраулық бір топ белсенді прокуратура алдында шу шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Олар жастарды улап жатқан заңбұзушылар қатаң бақылауға алынсын дейді.

Жиылғандармен қаланың бас прокуроры кездесті. Сөзінше, күдіктіден алынған препараттар сараптамаға жіберілмек. Оның қорытындысы жақын арада дайын болады. Дегенмен тұрғын қазір қамауда екен. Бұған дейін оны ұстауға еш негіз жоқ деген Руслан Айтимов, өзінің шешімін осылай түсіндірді.

Қазір резонанс тудырған мәселеге қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы , 4-бөлігіне сәйкес тергеу басталыпты. Көлігінен күдікті дәрі анықталған тұрғынның кінәсі дәлелденсе, ол 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал белсенділер жастарды улап, қоғамға кесірін тигізіп жүрген азаматтар жазасыз қалмаса екен дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу