Атырауда биіктігі 91 метр тутұғыр монументі ашылы

1583

Салтанатты шараға аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов қатысты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атырауда биіктігі 91 метр тутұғыр монументі ашылы

"Бүгін міне, қаламызға әр беретін айшықты нысандар қатары айбынды алаңмен толықты. Көк байрағымыз көкпен ұштасты. Өз дәуірінде даңқты бабаларымыз бөрілі байрақ ұстап, бағаналы орда құрған. Сондықтан да ту біз үшін — қанымызда қайнаған намыс, руһты көтеретін құдірет. Атамекеніміздің төріне алып ту тігу - біз үшін асқан абырой, зор мәртебе. Қаламыздың көркін ашқан байрағымыз өңіріміздің айбынын асқақтата түсеріне сенемін",- деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Тутұғырдың биіктігі 91 метр. Бұл жалауды үнемі көрініп тұруы үшін қолмен немесе электр жетегімен көтеретін көп қырлы болаттан жасалған дөңгелек конустық тірегі бар. Ұзындығы 80 метрлік тутүғыр композициясы субұрқақ пен доға пішінді эркерлік композициядан тұрады. Композицияның орта тұсында қоладан жасалған Қазақстан Республикасының картасы, жоғарғы жағында Елтаңба, ал шеткі бөліктерінде Әнұран жазылған. Конус пішінді тутұғырға саланатты түрде 29х14,5 метр болатын Ту ілінді. Енді еліміздің мемлекеттік рәміздері орналасқан алаңда маңызды салтанатты шаралар өтетін болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу