Атырауда бір отбасыны өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сарсемалиевке қатысты тергеу аяқталды

922

Қазіргі уақытта Сұлтан Сарсемалиев қамауда отыр.

Атырауда бір отбасыны өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сарсемалиевке қатысты тергеу аяқталды Фото: qamqor.gov.kz

Атырауда ата-енесін және әйелінің бауырларын өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сарсемалиевке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы 2 бөлігінің 1 тармағына сәйкес, яғни екі және одан да көп адамның өлімі, мал сату, карталарды жымқыру сынды деректері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188 және 190 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді.

Алдын ала мәлімет бойынша, іс осы айда сотқа жіберіледі. Кейін сот процесі басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу