Атырауда бір отбасының төрт адамы қайтыс болды

1608

Қайғылы оқиға 5 наурызда болған. 

Атырауда бір отбасының төрт адамы қайтыс болды

Ақтоғай елдімекенінде 4 адам газдан уланып, көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оқиға орнына Махамбет ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері барған. Олар
1974, 1991 жылдары туған ер адамдарды, 1977 жылғы әйелді, 2016 жылғы қыздың көз жұмғанын анықтады. Оқиға орнында аудандық ТЖ және полиция бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Алдын ала себеп бойынша тұрғындар газдан улануы мүмкін", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Қазір тергеу, тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу