Демалыс күндері патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Рейдтік іс-шаралар барысында бір тәулік ішінде мас күйде көлік басқарған 4 жүргізуші анықталды. Мәселен, 10 қазан күні сағат 02:00-де Берғалиев көшесі бойында Lexus автокөлігі тоқтатылды.
"Тексеру барысында 41 жастағы жүргізушінің масаң күйде көлік басқарғаны анықталды. Осыған ұқсас жағдай сағат 01:10-де Қ.Ғаббасов көшелерінің қиылысында болды. Мұнда 22 жастағы жүргізуші Renault Laguna автокөлігін масаң күйде тізгіндеген. Барлық жүргізуші медициналық куәландырудан өткізіліп, көліктері арнайы тұраққа қойылды. Оларға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды", – делінген хабарламада.
Полиция мас күйде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеді.