Атырауда бір тоннадан астам бекіре мен уылдырық тәркіленді

1408

Заңсыз жүк БҚО-ға жол тартыпты.

Атырауда бір тоннадан астам бекіре мен уылдырық тәркіленді

Атыраулық полицейлер "Бекіре" жедел-профилактикалық шарасы кезінде Атырау-Орал тас жолы бойында балық тиеген "Toyota Land  Cruiser" көлігін ұстады. Көлікке тиелген заңсыз 345 дана бекіре балығы мен салмағы 200 грамм қара уылдырық тәркіленді. Анықталғандай, оны Батыс Қазақстан облысының 28 және 29 жастағы екі тұрғыны балықты Атыраудан Орал қаласына жеткізбекші болыпты. Тәркіленген бекіре балықтарының жалпы салмағы 1 тоннадан асады.

Қазіргі күні ҚР ҚК "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ, пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысуды" жазалайтын 339 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталғандар қамауға алынды.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу