Анасы бірнеше минутқа ғана сыртқа шыққан. Алайда дәл осы сәтте кіреберіс есік өздігінен жабылып, бала іште жалғыз қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел шақырту бойынша оқиға орнына жеткен құтқарушылар арнайы құралдар көмегімен есікті ашып, баланы аман-есен анасына тапсырды.
Құтқарушыларды көрген бала қорыққанның орнына қуанып қарсы алған. Анасы құтқарушыларға алғысын білдіріп, мұндай жағдайдың енді қайталанбайтынына уәде берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу