Атырауда бір жасқа толмаған сәби аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды

295

Оған бронхит диагнозы қойылған. 

Атырауда бір жасқа толмаған сәби аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды Фото: freepik

Атырау қаласында биыл дүние есігін ашқан сәби аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау қаласындағы №2 облыстық аурухана әкімшілігінің ақпаратына сүйенсек, науқас сәби биылғы жылдың 9-15 желтоқсан аралығында "ОРВИ. О.Бронхит" диагнозымен емделген. Оның жағдайы жақсарған соң үйіне жіберілген.

Ауруханадан шыққан кезде мекенжайы бойынша, Атырау қаласындағы №1 емханаға мәлімет берілген. Ата-анасы 17 желтоқсан күні баласын жеке клиникаға апарып, дәрігерге қаратқан. Алайда, 21 желтоқсанда нәрестенің дене қызуы тағы да көтеріліп, жөтелі күшейген. Осыған байланысты, науқас сәби №2 облыстық ауруханаға қайта жатқызылған.

"Дәрігерлер қойылған диагнозға байланысты емдеу хаттамасына сай емдік және диагностикалық шараларды жүргізуді бекітті. Балада жедел вирусты инфекция ауыр ағымда өтіп, өкпе қабынуы асқынған. Осыған байланысты сәби 23 желтоқсан күні жансақтау бөліміне ауыстырылды. Барлық реанимациялық шара өткізілгеніне қарамастан, ол шетінеп кетті", - деп түсіндірді аурухананың әкімшілігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу