Атырау қаласы мектептерінің оқушылары ертең түске дейінгі сабақты онлайн форматта оқиды , деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, ауа райының күрт салқындауына байланысты осындай шешім қабылданған.
"Ертең, 11 желтоқсанда Атырау қаласында орналасқан мектептерде бірінші ауысым сабақтары қашықтықтан оқытылады. Балабақшалар ата-аналардың қалауы бойынша бала қабылдайды. Өзге оқу орындары штаттық режимде жұмыс істей береді", - деп хабарлады Жасұлан Бисембиев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу