Атырау қаласында ыстық су беру тағы бірнеше күнге тоқтайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Күрделі жөндеу жоспарының кестесіне сәйкес жылу пунктерінің жабдықтарына тексеру, жөндеу жүргізіледі. Осыған байланысты "Атырау жылу жүйелері" АҚ 2023 жылғы 29 мамыр мен 2 маусым аралығында жекелеген мекенжайлар бойынша ыстық су беру уақытша тоқтатылатынын хабарлайды", - делінген энергетикалық кешен мәліметінде.
Жөндеу жұмыстарын Атырау қаласындағы үш жылу беру бекетерінде жүргізу жоспарланып отыр. Сол себептен, шаһар орталығындағы Әліпов, Махамбет, Азаттық, Амангелді, Смагұлов, Досмұхамбетов, Яблочная көшелерінде орналасқан көпқабатты 30 үйдің тұрғындары ыстық сусыз отырады. Сондай-ақ Авангард-3 шағын ауданындағы көпқабатты 31 үйге ыстық су уақытша берілмейді.