Атырауда биыл алты жарым мың тонна балық ауланды

1401

Былтырғымен салыстырғанда кәсіпшілік балық аулау көлемі сегіз жүз тоннаға жуық өскен. 

Атырауда биыл алты жарым мың тонна балық ауланды

Атырауда көктемгі балық аулау маусымында 6,5 мың тоннаға жуық балық ауланды. Осылайша, белгіленген лимит 87 %-ға игеріліп отыр. Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының ақпаратына сәйкес, биылғы жылы көктемгі балық аулау маусымына Жайық-Каспий бассейні бойынша 7434 тонна квота бөлінген, оның ішінде, Каспий теңізіне - 3 190 тонна, Жайық өзенінен - 2 223 тонна, Қиғаш өзенінен - 2 021 тонна тиесілі. Сондай-ақ, былтырғымен салыстырғанда кәсіпшілік балық аулау көлемі сегіз жүз тоннаға жуық өсіпті.

Айта кетейік, биыл ауланған балықтың бес мың тоннасы өңделіп, төрт мың тоннадан астамы Ресей Федерациясы, Украина, Әзірбайжан мен Израиль елдеріне экспортталған. Қазіргі уақытта Атырау облысы аумағында он сегіз кәсіпорын балықты аулаумен және қайта өңдеумен айналысады. Оның ішінде, жыл сайын Каспий теңізіне жасанды жолмен өсірілген жеті  млн.-нан астам бекіре шабақтарын жіберетін Жайық-Атырау және Атырау бекіре балық өсіру зауыттары  өткен жылы 241 дана бекіре тұқымдас балық аулаған болатын.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу