Атырауда "Бизнес – тану "Әлия" байқауы өтпек

880

Ол белгілі кәсіпкер Әлия Бекқожиеваны еске алуға арналған.

Атырауда "Бизнес – тану "Әлия" байқауы өтпек

Атырауда облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрайымы, облыстың іскер әйелдер кеңесінің және кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының төрайымы қызметін атқарған Әлия Байжанқызы Бекқожиеваны еске алу мақсатында "Бизнес – тану "Әлия" арнайы жүлдесінің байқауы өтпек. Оны облыстық кәсіпкерлік және индустриялық - инновациялық даму басқармасының қолдауымен "Атамекен" ҰКП Іскер әйелдер кеңесі мен Кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы ұйымдастыруда. Оған аймақта бизнесін дамытып отырған ханымдар қатыса алады, олардың кем дегенде бес жыл кәсіпкерлікпен айналысқаны, ұсынатын тауары мен қызметінің сапасы жоғары болуы, бизнестің әлеуметтік бағыты және жұмыс орындарын сақтауы,  жаңа технологияларды, басқарудың заманауи әдістерін қолдану отыруы, қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасап, қызметкерлердің біліктілігін арттырып отыруы талап етілмек. Жеңімпаздар жаңа жыл қарсаңында – 22 желтоқсан күні марапатталады. 
Өңір бизнесін дамытуда зор еңбек сіңірген, "Ерен еңбегі үшін" жәіне "Құрмет" ордендерінің иегері Әлия Бекқожиева биыл 17 тамыз күні дүниеден өткен болатын. 

Атырау облысы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжан Мұхатаеваның айтуынша, қазіргі күні облыста 25978 әйел кәсіпкерлікпен айналысады. Олардың ішінен аталған байқауға қатысуға өтініш білдіргендер саны көп. Соның ішінде, аудандық жердегі кәсіп иелері аса белсенділік танытуда.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу