Атырауда блогер жауапқа тартылды (Видео)

1086

Ол әкімдік алдына ақша жасырғанын жариялаған.  

Атырауда блогер жауапқа тартылды (Видео)

Атырау облысындағы Құлсары қаласының тумасы, Instagram парақшасында Ахон Бержан деген атпен тіркелген блогер карантин талабын бұзғаны үшін жауапқа тартылуда, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Ол 2,4 млн.адам тіркелген парақшасында облыстық әкімдік жанындағы шыршалардың бірінің астына 50 мың теңге жасыратыны жөнінде хабарлайды. Сөйтіп, оны темекі қорапшасына салып жасырып, өзі келушілерді қызықтап қарап тұрған. Әкімдік алдына адамдар толып кеткеннен кейін оқиға орнына тәртіп сақшылары келіп, заң бұзушыларды анықтаған.

Көп ұзамай блогер бейнежазба түрінде көпшіліктен кешірім сұрады. Облыстық полиция департаменті оған қатысты хаттама толтырып, шешім қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жібергені белгілі болды.

Айта кетейік, осындай жағдай бұған дейін Ақтау қаласында да айна-қатесіз қайталанған болатын https://inbusiness.kz/kz/last/sagatyn-zhagalauga-zhasyryp-zhulde-zhariyalagan-bloger-zhauapka-tartyldy. Әлеуметтік желіде танымалдыққа ие болғысы келген жастар үшін осындай жолмен жазылушылар санын арттыру "сәнге" айналғандай. Одан бөлек, өзін блогер деп жариялағандардың арзан "әдісіне" алданып, олардың жасырған дүниелерін іздеп жүретіндер санының көптігі де таңғалдырады.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу