Бүгін атыраулықтарды екі жаңалық дүрліктірген еді. Оның біріншісі, елдің Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың "облыстық бас санитар дәрігерлердің қаулысы бойынша Атырау облысында 4 блок бекет, Ақтөбе облысында екі санитарлық бекет қойылды" деген мәлімдемесі болатын. Алайда қалаға кіреберіске блок бекеттер қойылмайтын болып шықты.
"Атырау облысының Жылыой ауданындағы Теңіз вахталық қалашығы аумағындағы төрт блок бекет наурыз айынан бері тұр. Блок бекеттер аталған ауданның бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қойылған болатын. Облыс аумағында бұдан басқа блок бекеттер жоқ", – деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Құралай Қуатова
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу